jasqazaq.kz

Бес баланың өлімі: үй иесі сотталуы мүмкін

06 ақпан 2019, 10:44

Төтенше жағдай мамандары орнатылған пеш қауіпсіздік талаптарына сай келмейтінін бірнеше рет ескерткен.
Заңгер Жандос Тұяқов Астандағы 5 баланың өлімі үшін үй қожайыны жауапқа тартылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Баспана иесі 2 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ал бұған дейін төтенше жағдай мамандары орнатылған пеш қауіпсіздік талаптарына сай келмейтінін айтып, бірнеше рет ескерту жасалғанын айтты. Соңғы рет бір аптадай бұрын ескертіп кеткен.
«Комиссия өрт талаптарына сәйкес келмеген деп анықтаған жағдайда, осы оқиға бойынша бұл азаматтар – «времянканың» иелері Қылмыстық кодекстің 292-бабы 2-бөліміне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Онда 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе бас бостандығынан сол уақытқа айыру жазасы қарастырылған», — дейді Тұяқов.
Бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары әкесінің түнгі уақытта жұмыста болған-болмағаны анықталып, жұмыс беруші де сұралатынын айтқан еді.
Сұлтанов бес баласынан айырылған отбасыға қаржылай көмек көрсетуді тапсырды. 5 қызынан айырылған Евгений Ситер сол түні Талапкер көшесінде орналасқан Көлік жөндеу стансасында жұмыс істеген. Алайда атауы жоқ стансада абалаған иттен өзге жан иесі көрінбеді. Ал ішкі істер министрлігі жұмыс берушіге қатысты тергеу жұмыстары жөнінде қандай да бір ақпар беруден бас тартты.

Sputnik

 

 

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді