
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан XXXI Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасында 51 келіге дейін салмақта жұдырықтасқан қазақстандық Жайна Шекербекова француз қызы Сара Урамуннан жеңіліп қалды.
Жайна Олимпиада ойындарындағы алғашқы кездесуін бүгін өткізді. Бірден жарысты ширек финалдан бастаған жерлесімізге жүлдеге қол жеткізуге керемет мүмкіндігі болған еді. Алайда Шекербекова 34 жастағы Сара Урамунға есе жіберді.
Айта кетейік, бокстан әйелдер үш салмақ Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген. Қазақстан атынан биыл екі боксшы қыз жолдама алды. Жайнадан бөлек, Дариға Шәкімова бар. Ол алғашқы кездесуінде екі дүркін әлем чемпионы канадалық боксшыны жеңген еді.