jasqazaq.kz

Руслан Жанпейісовтің атышулы видеосындағы ер адам ақталып шықты (видео)

01 ақпан 2019, 11:35

Руслан Жанпейісовтің атышулы видеосындағы ер адам ақталып шықты, — деп хабарлайды Otyrar.kz.

Былтыр қыркүйектің 18-не қараған түні Шымкентте мотоциклші мен жол полициясының арнайы көлігі жол апатына ұшыраған болатын. Сол кезде полицейлер мотоциклшінің жасырынбақшы болғанын айтқан еді. Мотоциклші болса өз нұсқасын айтып берді. Оның айтуынша, оның көлікпен соқтығысып қалуына полицейлер себепші болған. Бірақ кейінірек белгілі қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов сол түні кімнің кімге соғылғаны түсірілген видеоны жариялады.

Ескерту, видеода бейәдеп сөздер бар!

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, полицейлердің этикалық кодексті бұзған-бұзбағанын анықтау мақсатында қызметтік тергеу жүргізілген. «Шымкенттің мамандандырылған әкімшілік соты мотоцикл иесіне қатысты әкімшілік істі қарады. Іс материалдарына сәйкес, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ол «Хонда» маркалы мотоциклді басқара отырып, 18 қыркүйекте полиция қызметкерлерінің арнайы көлігімен соқтығысып қалды. Тергеу барысында мотоциклшінің ереже бұзбағаны белгілі болды. Себебі видеоматериалда полиция қызметкерлерінің мотоциклшіні тоқтатып, жол апатына өздері кінәлі екені көрінеді», — деді мамандандырылған әкімшілік соттың судьясы Әбдуғаппар Бекназаров. Судьяның айтуынша, қазіргі уақытта мотоциклші әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.

Еске салайық, қызу талқыға салынған видео Тыныбаев көшесінде түсірілген. Полицейлердің заңсыз әрекетін әшкерелеумен танылған белсенді азамат Руслан Жанпейісов көлікті дұрыс тұраққа қоймаған полицейлерді видеоға түсіріп алған. Осы іс бойынша сот үкімі 6 тамызды шыққан еді.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді