jasqazaq.kz

Алаяқтық жасаған келіншек ұсталды

31 қантар 2019, 13:48

Алматы полициясы Қытай мен Қырғызстаннан тауар әкеп берем деп алаяқтықпен айналысқан әйелді ұстады.

37 жастағы келіншек Қазақстанның түкпір-түкпірінде талай адамды сан соқтырып кеткен. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, ол халықты «Қытай мен Қырғызстаннан тауар таситын «каналым» бар» деп сендірген. ҚазАқпараттың хабарлауынша, «37 жастағы әйел арзан тауар әкеліп берем деп адамдардың сеніміне кіріп жүрген. Осылайша ол бизнеске ақша салуға шақырған. Өзінің бизнес каналының тиімді екенін, арзан тауар әкеп беретінін айтқан. Тергеу барысында оның жалпы алғанда 200 млн теңгені қолды еткені анықталды. Тек біздің ауданның өзінде 20 қылмысқа қатысы бар болып шықты», — деді Алмалы аудандық полиция басқармасы басшысы Данияр Мендебаев. Бүгінде аталмыш әйелге қатысты ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл әйел мұның алдында да осы тектес қылмысы үшін істі болған.

«Жапа шеккен жандардың 254-46-12, 8-775-203-64-04, 8-702-333-42-64, 8-702-007-55-11 телефондарына хабарласуын сұраймыз», — деді полиция депаратментінен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде