jasqazaq.kz

Мектеп-интернаттың мұғалімі балаға қол көтерген (видео)

31 қантар 2019, 12:11

Әлеуметтік желіде мұғалімнің оқушыға дауыс көтеріп, кейін жағасынан алып жатқан кезінде түсірілген видео тарады.
Караван жазғандай, Ақмола облысының Степногорск қаласында болған. Видеодан мұғалімнің оқушыны тақта алдында жұлқылап, ата-анасының нөмірін жазуды талап етіп жатқанын көруге болады.
Қаланың білім басқармасындағылар жағдайдың өткен бейсенбі күні мектептердің біріндегі алтыншы сыныпта сабақ жүріп жатқан кезде болғанын айтты.
Осы фактіге сәйкес, қызметтік тексеріс жүрді. Оқушының жанында отырған сыныптасының дәптеріне түкіріп жібергені анықталды. Кейін мұғалім оған осы қылығы үшін ұрысып, ата-анасының нөмірін талап еткен.
Білім басқармасындағылар мұғалімнің осылайша, педагог этикасын бұзғанын және өз еркімен жұмыстан кеткенін айтты.    Естеріңізге сала кетсек, күзде Алматы қаласында қоғамдық резонанс тудырған жағдай болды. Мектеп-интернаттың мұғалімі балаға қол көтерген. Осы сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кейін мұғалім мекемеден қуылды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді