jasqazaq.kz

Серік Сәпиев қызметінен кетті

30 қантар 2019, 10:21

ҚР Парламент Мәжілісі депутат Серік Сәпиевтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының xатшысы Бақыт Мелдешевтің айтуынша, С.Сәпиев депутаттықтан кету туралы өтінішті өзі берді. Соның негізінде оның өкілеттелігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным әзірленді. Мәжіліс депутаттары қарсылық білдірген жоқ, арнайы қаулыға бірауыздан дауыс берді. Ал спикер Нұрлан Нығматулин палата депутаттарының атынан Серік Сәпиевке ризашылық білдіріп, Алғыс хатты табыс етті. Өз кезегінде, Олимпиада чемпионы да ризашылығын жеткізді. «Берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлына маған артқан сенімі үшін шексіз алғысымды білдіргім келеді. Спорт алаңында да, қазір де Елбасының қолдауын әрдайым сезініп жүреміз. Сондай-ақ, құрметті әріптестер, әрбіреуіңізге ақыл-кеңестеріңіз бен қолдауларыңыз үшін рақмет айтамын. Бұл жерде мен біраз тәжірибе жинадым. Еліміздің өркендеуі жолында сіздермен тығыз жұмыс жасауды жалғастыра береміз деп сенемін», — деді С.Сәпиев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде