jasqazaq.kz

Еліміздің 5 бірдей өңірінде дабылды ескерту жарияланды

29 қантар 2019, 17:50

Синоптиктер еліміздің 6 бірдей өңіріне қатысты дабылды ескерту жариялады. 30 қаңтарда кей жерлерде бұрқасын болып, тұман тұтып, жауын-шашын түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Қазгидромет» РМҚ мәліметінше, 30 қаңтарда Алматы облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, Алакөл көлдері аймағында 20-25, екпіні 30 м/с және одан жоғары болады деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын болып, солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-ге жетеді деп болжануда.

Ал Ақтөбе қаласында күндіз жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, Қостанай облысының кей жерлерінде және Қостанай қаласында бұрқасын болады. Сонымен қатар солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ге жетуі ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 17-22 м/с, таңертең және күндіз екпіні 27 м/с болады деп күтіледі.

Шымкент қаласында күндіз қатты жауын-шашын жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел 17-22 м/с-ге дейін күшейеді.

Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан 17-22 м/с жел соғады.

30-31 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 30 қаңтарда күндіз, 31 қаңтарда тәулік бойы желдің екпіні 23-28 м/с сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Тараз қаласында 30 қаңтарда күндіз, 31 қаңтарда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады депкүтіледі. Кей уақытта көктайғақ болып, тұман тұтады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде