jasqazaq.kz

Ұялы телефон сәулесі денсаулыққа зиян

26 қантар 2019, 15:53

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов ұялы байланыс құрылғыларынан тарайтын сәулелер туралы пікір білдірді. Бұл туралы  ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Мобильді құрылғылар өмірімізге етене араласып кетті және ақпарат алмасу мен сөйлесуде көшбасшы болып отыр. Смартфондар мен телефондар электромагниттік толқындар шығарады. Қызықтырмай қоймайтын тарифтік жоспарлар халықты ұялы телефонға телмірте түседі және электромагниттік сәулелену мөлшерін арттырады. Жүйке жүйесі, иммундық, эндокриндік және жыныстық жүйелер электромагниттік өріске сезімтал келеді және ұзақ уақытқа жалғасса, неше түрлі жағдайлар болуы мүмкін», — деді Сәдуақас Байғабылов. Дәрігер электромагниттік сәулелердің зиян екенін ескертіп, ұялы телефонды пайдаланудың тәртібін айтып берді. 37 см қашықтықта ұялы телефондар 3 мкВт/см2 артық сәуле таратпауы тиіс. Сынақ ретінде астаналық департамент ұжым қолданатын түрлі телефондардың сәуле тарату тығыздығын өлшеп көрген. Мамандар төрт байланыс стандартында (жиілікте) келіп түскен қоңырау, сөйлесу және біреуге хабарласу режімінде зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, екі танымал смартфондар брендінде қоңырау шалуда электромагниттік сәуле 0,3-0,6 мкВт/см2 құраған. Келіп түскен қоңырауда — 0,3-0,5 мкВт/см2, сөйлесуде — 0,4-0,5 мкВт/см2. Одан төменірек смартфонда сәйкесінше 0,3-7,1 мкВт/см2, 0,4-22,1 мкВт/см2, 0,6-3,8 мкВт/см2 тіркелген. Батырма арқылы басқарылатын құрылғыларда орташа диапазон 0,2-7,9 мкВт/см2, 0,2-9,1 мкВт/см2, — 0,2-7,0 мкВт/см2. Мобильді құрылғыны басқа жақындатқанда сәуле мөлшерінің артуы байқалған. Сәдуақас Байғабылов арзан және батырмасы бар телефондармен жиі сөйлеспеуге кеңес береді немесе дауыс зорайтқыш байланысты таңдағаны жөн. «Бұл материал — смартфон брендтеріне арналған жарнама-антижарнама емес. Тұтынушыларға мобильді құрылғымен ұзақ сөйлесудің зиян екенін ескерту», — деді ол. Ұсынымдар: үздіксіз сөйлесу 3-4 минуттан аспауы тиіс; жүкті әйелдер мобильді байланысты сирек қолданғаны жөн; ұялы телефон сатып аларда сәулені аз тарататын модельді таңдау керек; автокөлікте «hands-free» жүйесін жиі қолданған жөн.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде