jasqazaq.kz

Алматыда көлік тонаған 40-қа жуық топ ұсталды

26 қантар 2019, 15:00

Алматы қаласында автокөліктерді тонаумен айналысқан 40-қа жуық топ құрықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, топтардың құрамына 85 адам кірген. «Қараусыз қалдырылып, қорғау жабдықтары жоқ көлік құралдарында ұрлық көп жасалған. Мысалы, мұндай эпизодтардың бірі таяуда қаладағы Әуезов ауданының «Жетісу» шағынауданында орын алды. Түнгі уақытта К. есімді азамат Toyota Camry маркалы автокөліктің шынысын сындырып, ішінен бейнетіркеуішті ұрлап алады. Алайда, ұрлаған затын алып, алысқа кете алмады: ер адамды жол-патрульдік полиция қызметі ұстады. Аталған фактімен ҚР ҚК 188-бабымен (өзгенің мүлкін ұрлау) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша соталдындағы тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, ер адамның осыған ұқсас басқа эпизодтарға қатысы тексерілуде», — деп хабарлады криминалдық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов. Полицияда өткен жылы қарақшылық тонаумен айналысқан 49 топ, тонаушылық жасаған 124 топ, пәтер ұрлықтарын жасаған 27 топ, көлік ұрлықтарымен айналысқан 39 топ, қоғамдық жерлерде жеке заттарды ұрлаған 55 топ және көліктерді ұрлап, айдап әкетумен айналысқан 16 топтың қызметі тоқтатылғаны туралы мәлім етті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде