jasqazaq.kz

ШҚО-да тасжолда 312 адам эвакуацияланды (видео)

21 қантар 2019, 10:58

Алматы-Өскемен тасжолында 300-ден аса адам эвакуацияланды. Онда әлі бірнеше адам қар құрсауында қалып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Сағат 6.00-дегі жағдай бойынша 312 адам эвакуацияланды. Олардың 28-і — ауруханада, 40 адам — Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепке жеткізілді, 55 адам — Ақтамберді атындағы орта мектепте, 19 адам — колледжде, 60 адам — Таскескен ауылына, 70 адам «Әйгерім» кафесіне жеткізілсе, 40 адам Үржар ауылына жеткізілді.

Оқырмандар тасжолдарда апатты жағдайлардың болып жатқанын, бірақ құтқарушылардың жоқ екенін айтып жатыр. ҚР ІІМ ТЖК өкілдерінің мәліметінше, шұғыл желідегілер видеодағы ер адаммен байланысқа шықты. Комитеттегілер құтқарушылардың болмау себебін олардың да кептеліске тұрып, қар құрсауында қалып қалуымен түсіндірді. Сондықтан жолаушыларға жету үшін біраз уақыт кеткен. «Қар құрсауында қалып қойғандар эвакуациядан бас тартты. Оқиға орнында 231 көлік тұр. Жергілікті атқарушы органдар тамақпен және көлік құралдарын жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етіп жатыр. Ешкім медициналық көмекке жүгінген жоқ. Жолдар тазартылып жатыр», — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

 

https://youtu.be/XzVYgO4el_8
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде