
Боливияда Оруро мен Потоси департаменттері арасындағы жолда екі автобус соқтығысып, 22 адам қаза тапты, тағы 37-сі жарақаттанды. El Dictamen хабарлауынша, барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Олардың бірнешеуі ауыр жаралы. Алдын ала болжам бойынша жол апатына жылдамдықты шектен тыс арттыру себеп болған.