jasqazaq.kz

Алматыда алтын мен ақша ұрлаған бір топ баукеспе ұсталды

19 қантар 2019, 13:20

Алматылық полицейлер пәтерлерді тонап жүрген ұрылар тобын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, топ мүшелерінің үшеуі 32-45 жас аралығындағы шеттен келген ер адамдар, соның екеуі бұрын ұрлық үшін сотталған болып шықты. Оларды ұстау бойынша арнайы операция кеше Алмалы ауданында жүргізілді. «Анықталуынша, күндіз пәтер иелерінің үйде болмайтынын пайдаланып, күдіктілер қаланың қақ ортасындағы тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің біріне ұрлыққа түсіп, алтын бұйымдар мен ірі мөлшердегі ақшаны қолды еткен», — дейді Алматы қылмыстық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов. Оның айтуынша, операция кезінде ұрылар жасырынып үлгерген, бірақ олардың Тұрғыт Өзал және Қарасай батыр көшелерінің қиылысында тоқтатылған машинасынан заттай айғақтар табылған. «Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», — дейді Е. Ысқақов. Басқарма бастығы осы қылмыстық топтың осы сияқты тағы үш қылмысы дәлелденгенін жеткізді. Қазір қылмыстық топ мүшелерінің бәрі ұсталып, тергеу оқшаулағышына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде