jasqazaq.kz

Атырауда қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды

18 қантар 2019, 16:19

Атырауда Төле, Қазыбек және Әйтеке биге алып ескерткіш қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық сот ғимаратының орталық кіре берісінде қазақ билеріне ескерткіш орнатылды. Мерекелік шараға Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов, Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов және Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым, зиялы қауым өкілдері және ақындар қатысты.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов өзінің құттықтау сөзінде ескерткіштің ашылуы — бұл мұнайлы аймақтың қоғамдық және мәдени өміріндегі маңызды оқиға екенін атап өтті. «Жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылды. Қазақстан халқы тарихтағы ең күрделі кезеңде қазақтарды біріктіруде шешуші рөл атқарып, елдің еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы билер — Төле, Қазыбек және Әйтекені құрметтеп, ешқашан естен шығармайды. Бұл — ұрпақ сабақтастығы, дәстүрлер жалғасы. Ескерткіш облыстық сот ғимаратының жанында кездейсоқ орнатылмаған, бұл — қазақ халқының даналығы, әділдігі мен абыройының символы», — дейді Серік Шапкенов. Айта кетейік, ескерткіштің биіктігі — 4 метр. Қоладан жасалған және мәрмәр тұғырда орналасқан. Ескерткіштің авторы — атақты қазақстандық мүсінші Бақытбек Мұхаметжанов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде