jasqazaq.kz

Өскеменде мас адам полицейді пышақтап кетті

18 қантар 2019, 12:14

Өскемен көшелерінде тәртіп күзетіп жүрген сержантты 61 жастағы адам пышақтап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 15 қаңтар күні кешкі сағат 19.30-да болған. Аулалардың бірінде сенделіп келе жатқан бейтаныс адамды қоғамдық тәртіпті күзетіп жүрген полиция өкілдері тоқтатқан. Сақшылардың тексеруіне бағынғысы келмеген 61 жастағы тұрғын 22 жастағы сержантқа кенет пышақ сілтесе керек. Абырой болғанда пышақ сақшының денесіне бойлап кірмеген. Алған жарақатына қарамастан ол қасындағы әріптесімен бірге мас адамды оқиға орнында тұтқындапты. «Қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұған дейін сотталғаны анықталып отыр. Енді үстінен полиция өкіліне күш көрсеткені үшін ҚР Қылмыстық кодекісінің 380-бабының 2-тармағы бойынша тергеу жүріп жатыр» — дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Әйгерім Нұрғазина.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде