jasqazaq.kz

«Шымкент-Алматы» пойызында нәресте дүниеге келді

15 қантар 2019, 12:25

14 қаңтар күні Шымкент тұрғыны «Шымкент-Алматы-2» бағытындағы пойызда босанды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі мәлім етті. 

Белгілі болғандай, Алматыға қарай жолға шыққан Айгүл Жүзбаева есімді келіншектің айы-күні жетіп тұрған. Сапар кезінде кенеттен толғақ қысқан. Абырой болғанда вагон жолсерігі мен пойыз бригадасының өзге де қызметкерлері барлық қажетті көмекті жасаған. Сол күні кешке қарай Тараз стансасында жас ананы жедел медициналық жәрдем күтіп алып, жергілікті перзентханаға жеткізді. Таратылған мәліметке қарағанда, өмірге келген нәрестінің денсаулық жағдайы жақсы Өз кезегінде жас ана Айгүл Жүзбаева көмек көрсеткен пойыз жолсеріктеріне алғыс айтты. Айта кетейік, пойыз бригадаларының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек керсету бойынша тұрақты түрде оқытылып келеді. Өткен жылы пойыздарда 10 нәресте дүниеге келген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде