jasqazaq.kz

Танк сонау кеңес дәуірінен бері жер астында жатқан

15 қантар 2019, 10:53


Танк он жыл бойы жер астына көміліп жатқан. Бірақ қалпына келтіруге келмейтін сыңайлы. Алматы облысында ауылдардың бірінде жерге көмілген иесіз жауынгерлік танк табылды.

 Sputnik  жазғандай, алып соғыс техникасы шекара маңындағы Панфилов ауданында елді мекендердің бірінде жерге көмілген екен. Танк табылғаны туралы ақпаратты облыстық полиция растады.

«Рас, елді мекендердің бірінің учаскелік инспекторына жергілікті тұрғындар тапқан танк туралы ақпарат түскен. Танктың мұнарасы, ауызы және басқа да қажетті бөліктері жоқ, ауылдан бірнеше шақырым жердегі бұрынғы әскери полигонның аумағында жерге көмілген екен. Қазір соғыс техникасының табылуы туралы ақпарат пен осыған байланысты жинақталған материал әскери тергеу басқармасына жөнелтілді», — деп мәлімет берді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Болжам бойынша, танк сонау кеңес дәуірінен бері жер астында жатқан. Металдың әбден шіріп кетуіне байланысты, техника қайта балқытуға жібереді. Әскерилер танкті қазып, алып кетіпті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде