jasqazaq.kz

Алматыда төрт полицей пара алды деген күдікпен ұсталды

03 қантар 2019, 13:41

Алматыда төрт полицей пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ұсталғандар Алматы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері болып шықты — Дзигалюк И.И., Нысанбаев Б.Р., Орынбаев А.Д. және Арашев А.В. 29 желтоқсанда Алматы қалалық мамандандырылған тергеу соты оларды екі айға қамауға алу туралы үкім шығарды. Қамауға алу туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы арыз берген. Полицейлер ҚР қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі, 1-4 тармағы («Пара алу, қорқытып алу жолымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, iрi мөлшерде, бірнеше рет жасалса»). бойынша айып тағылды. Осы қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның алпыс еселенгеннен жетпіс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде