jasqazaq.kz

Зеленов ауданының атауы Бәйтерек болып өзгерді

03 қантар 2019, 12:58

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының атауы Бәйтерек болып өзгерді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, БҚО-дағы Зеленов ауданы бұдан былай Бәйтерек деп аталатын болды. Осыған орай бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов ауданда болып, ардагерлер, жастар және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, жұртшылықты қуанышты оқиғамен құттықтады. Өңір басшысы Елбасы тапсырмаларына орай облыста көптеген жұмыстар жасалғанын атап өтті. Соның ішінде ауданның үстімен өтетін Орал-Тасқала-РФ шекарасы жолы пайдалануға берілді. Жол салу, су, газ құбырын тарту жұмыстары биыл да жалғасады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зеленов ауданының атауын өзгерту туралы ұсыныстың депутаттар тарапынан қолдау тапқанын жазған болатынбыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде