jasqazaq.kz

Павлодар облысында жолда қалған 12 жолаушы құтқарылды

27 желтоқсан 2018, 17:57

Павлодар облысында жолда қалған 12 жолаушы құтқарылды. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бүгін Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты Майқайың ауылына жақын жерде, «Қалқаман-Баянауыл-Керней» автожолының 135-ші шақырымында «Мерседес» маркалы жолаушылар автобусы бұзылған. «Павлодар-Баянауылға» қатынайтын автобуста 12 жолаушы болған. «Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оларды сағат 12-00-де құтқарып, Майқайың ауылындағы жылыту пунктіне жеткізді. Жолаушыларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Сағат 14-25-те барлық жолаушылар жол-жөнекей көліктермен діттеген жерлеріне аттанып кетті», — деді ресми өкіл.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде