
Асқар Жұмағалиев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», — делінген Жарлықта.