
Жергілікті кәсіпкер дәмханалардың бірінің қуысына заңсыз ойын автоматтарын орнатқан. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Ең қызығы бұл жерде бәс тігуге зейнеткерлер құмар болып шығады. Тексеруге шыққан тәртіп сақшылары заңсыз бизнесті анықтағанда ондағы қарияларды көріп таң қалған. Бірақ ойын автоматтарына үйір кемпір-шалдарға ешқандай шара қолдана алмайды. Ал заңсыз құмар ойын бизнесін дөңгелеткен кәсіпкер енді қомақты айыппұл арқаламақшы. Қазір оның ісімен мемлекеттік кіріс департаменті айналысуда.