jasqazaq.kz

Ресейде шахтадан тоғызыншы кеншінің денесі табылды

23 желтоқсан 2018, 14:33

Ресейдің Пермь өлкесінде құтқарушылар шахтадағы өрт салдарынан әріптестерімен бірге жер астында қалып қойған тоғызыншы жұмысшының денесін тапты. Бұл туралы журналистерге жексенбі күні жедел штабы мәлімдеді.

Бұдан бұрын Соликамск шахтасындағы апаттан қаза болған сегіз адамның денесі табылғаны хабарланған еді. «Тоғызыншы жұмысшы алдыңғы алты адам табылған жерден анықталды», — деді штабта. Мәлім етілгендей, кеншілердің денелері әзірге жер бетіне шығарылған жоқ. Шахтада соңғы өрт ошақтары сөндіріліп жатыр. Еске салайық, сенбі, 22 желтоқсан күні Мәскеу уақытымен шамамен сағат 10.04-те «Уралкалий» компаниясының Соликамск шахтасында өрт шықты. Барлығы кеніште 17 адам жұмыс істеп жатқан. Олардың сегізі жер бетіне дін аман шыға алды.

inform.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде