jasqazaq.kz

Бейбіт Назаров америкалықтан жеңіліп қалды

21 желтоқсан 2018, 23:36

Алматыда ММА аралас жекпе-жектен өтіп жатқан «Titan FC 51» халықаралық турнирінің басты жекпе-жектерінің бірі аяқталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Кештің айтулы жекпе-жектерінің бірі 69,9 келі салмақтағы қазақстандық Бейбіт Назаров (14-3) пен АҚШ-тан келген Мартин Браунның (12-5) айқасы еді. Спорт коментаторлары өте күрделі айқас деп баға берген жекпе-жек 5 раундқа, яғни 25 минутқа созылды. Жан алысып, жан беріскен айқаста Бейбіт Назаров төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты. Айта кетсек, аталмыш турнир аясында бірнеше жекпе-жек өткізілген болатын. Оның екеуінде «TITAN FC» тұжырымы бойынша Әлем чемпиондарының белдігі сарапқа салынған. Турнирге әлемнің 18 мемлекетінен, атап айтқанда Қазақстан, АҚШ, Колумбия, Қытай, Бразилия, Әзербайжан, Қырғызстан, Германия, Ямайка, Голландия және Ресей елдерінен спортшылар қатысты. «Алматы Аренада» өткен турнирдің ұйымдастырушылары — Халықаралық «Titan FC» ұйымы мен «Alem fighters» спорт клубы. Аталған іс-шараны АҚШ-тың «UFC FIGHT PASS» арнасы арқылы әлемнің 150 еліне тікелей эфирден таратылып, Қазақстан мен ТМД-ның жергілікті арналарында да тікелей эфирден көрсетілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде