jasqazaq.kz

Түркия 25 мемлекеттегі елшілерін ауыстырды

20 желтоқсан 2018, 14:37

Түркия президенті Режеп Тайып Ердуанның жарлығымен шет мемлекеттердегі 25 дипломатиялық миссия басшылары тағайындалды деп хабарлайды «Анадолы» агенттігі.

Бейсенбі, 20 желтоқсан күні мемлекет басшысы қол қойған төрт жарлық Түрік үкіметінің Resmi Gazete ресми басылымында жарияланды.

Түркияның дипмиссиялар басшылары өзгерген елдер арасында Ресей, Украина және Өзбекстан бар.

Түркия Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі қызметіне Сыртқы істер министрлігінің Консулдық мәселелер жөніндегі департамент басшысы Мехмет Самсар тағайындалды. Ал Киевтегі Түркия елшілігін СІМ Шығыс Еуропа бойынша департамент басшысының орынбасары Ягмур Ахмет Гюльдере басқаратын болады.

Өзбекстандағы Түркия Елшісі болып Мехмет Сурея Эр тағайындалды. Ол бұдан бұрын Түркия үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі директорының орынбасары (TİKA) қызметін атқарды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде