jasqazaq.kz

Алматыда қалта ұрлығын жасаған 408 адам ұсталды

19 желтоқсан 2018, 16:15


Осы айда Алматы полициясы 36 қалта ұрысын ұстады. Оның ішінде 15 ұры — әрдайым осындай қылмыспен айналысатын кәнігі қылмыскерлер, – деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бір оқиғада 18 жастағы Тараз қаласының тұрғыны қалта ұрлығын жасаған. Ол 141-қоғамдық көлік бағытында жолаушының ұялы телефонын ұрлады. Күдікті оқиға орнында ұсталды. Дәл сол уақытта 18-ші бағдармен жүретін қоғамдық көлікте жедел іздестіру бөлімінің тағы бір тобы жолаушыны тонаған 30 жастағы К. есімді азаматты қолға түсірген болатын. Оны жедел қызметкерлер Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында көліктен түсіріп алды. Келесі күні 99-шы автобуста жеңіл ақша табуға құмар тағы бір азамат ұсталды. 23 жастағы күдікті 50 жастағы ер адамның ұялы телефонын білдірмей қолды қылған. Бұл азаматтар бұрын да осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған», — дейді Алматы қалалық ПД криминалды полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Есен Ысқақов. Сонымен қатар, жедел бөлімде айтып өткендей, жыл басынан бері Алматыда 517 қалта ұрлығын жасаған 408 адам ұсталды. Оның 9-ы — шетелдіктер. Олар Алматы қаласының аумағында 22 адамның мүлкін ұрлаған. «Қалта ұрлығының көпшілігі қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте, халық көп жиналатын орындарда жасалады. Осыған байланысты, Алматы қаласының полиция басқармасы мүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде өтініш жасайды. Адам көптеп жиналатын жерлерде өте сақ және мұқият болыңыз, құнды заттарыңызды ішкі қалтада, адамның көзі түспейтін жерде сақтағаныңыз жөн. Сізге қарсы заңсыз әрекеттер жасалған жағдайда, соның ішінде бөтеннің мүлкі ұрланғанда, дереу 102 нөміріне хабарласуыңыз», — дейді подполковник Е. Ысқақов.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді