jasqazaq.kz

Пәтер жалға беретін алаяқ ұсталды

13 желтоқсан 2018, 14:57

Астаналықтарға пәтерді жалға беру кезіндегі алаяқтық жағдайлар туралы ескертілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Астана полиция департаментінің ақпараты бойынша, полиция қызметкерлері пәтерлерді заңсыз беріп келген 20 жастағы Қарағанды облысының тұрғынын ұстады. «Қарағанды облысының тумасы Астанаға келіп, пәтерді тәулік бойынша жалдаған. Кейін оны ұзақ мерзімге жалға берген. Орта есеппен ол әр пәтерден алаяқтық жолмен 100 мың теңге алып келген. Әйел елорданың түрлі аудандарында баспаналарды жалға беру бойынша 9 алаяқтық іс жасады деген күдікке ілінді», — делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, полицейлер 35 жастағы елорда тұрғынын ұстады. Ол азаматтардың қаражаттарын алаяқтық жолмен иеленіп, өз пәтеріндегі бөлмені жалға беруге уәде еткен. Бұдан бұрын ол ҚР ҚК «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде