jasqazaq.kz

Бір көліктен қару, граната және есірткі тәркіленді

15 тамыз 2016, 15:16

 

policiya-07-01-418x254

 

Көлік ішінде 27 мен 36 жас аралығында 4 жігіт отырған.  Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, 27-36 жас аралығындағы 4 ер адам ұсталған. Оның екеуі қамауға алынды, екеуі елден сыртқа шықпау туралы қолхатпен босатылды.

Күдіктілерді 12 тамызда облыстық ішкі істер департаментіне қарасты ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімшелерінің Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында жүзеге асырған жедел шара барысында ұстады.

„Ұсталғандар «Тойота-Ленд-Крузер» джипімен келе жатқан. Тексеру кезінде олардан героин, гашиш, екі травматикалық тапанша, граната, оқ-дәрілер тәркіленді. Есірткі мөлшері: 5 грамм героин және 15 грамм гашиш„ — деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімшесі бастығының орынбасары Айдос Күзембаев.

Полиция күдіктілердің екеуі бұдан бұрын бірнеше рет есірткіге, қаруға байланысты түрлі қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын атап өткен.

 

kaz.365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде