
Грузия қарызын төлей алмай қара тізімге іліккен 600 мың адамның несиесін кешірді. Бұл туралы елдің премьер-министрі Мамука Бахтадзе мәлімдеді.
«Бұл шешім банктерге қарызы бар 600 мың адамға қатысты. Қаражатқа шаққанда — 1.5 миллион лари (565,3 миллион доллар). Осы шешімге байланысты барлық азаматтардың қарызы кешіріледі», — деді премьер-министр Бахтадзе.
Оның айтуынша бұл тізімге 150 мың әлеуметтік қорғансыз және ондаған мың мүмкіндігі шектеулі жандар кіреді. Бұл шешімге байланысты шешімдер желтоқсанның 15-нен басталып, жылдың соңына дейін жалғасады.
«Біздің азаматтар жаңа жылды қарызсыз қарсы алады», — деді премьер-министр.
Дереккөз: ria.ru