jasqazaq.kz

Қ. Бозымбаев: Шкарупа қызметінен кеткісі келеді

13 қараша 2018, 13:56

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев вице-министр Анатолий Шкарупаға бас прокурордың айып тағуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

«Анатолий Валерьевич Шкарупа жұмыс істеуге бізге қазанда келді. Мен оның 2015 жылы бір нәрсені дұрыс істемегенін Қауіпсіздік кеңесінде бас прокурордан білдім. Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткен күні ол Қарағанды облыстық прокуратурасына шақыртылды. Менің білуімше, ол куәгер болу үшін шақыртылған. Біз қазір оның министрліктегі жұмысы туралы мәселені шешіп жатырмыз. Өзі вице-министр ретіндегі қызметін тоқтатуды немесе өз еркімен жұмыстан кетуді қалап отыр. Бұл мәселе шешіліп жатыр», — деп жауап берді Бозымбаев үкімет отырысынан кейін журналистер қойған сұраққа. «Шын мәнінде ол біліктілігі мықты адам, ол тарифтер бойынша және оларды төмендету жөнінде көмек беріп, шараларды қолға ала алады. Бірақ 2015 жылы не болғанын мен білмеймін. Мен ол кезде басқа өңірде болғанмын», — деді министр. Оның айтуынша, Энегетика министрлігінде Анатолий Шкарупа электр энергиясы мәселелерімен айналысады.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаров энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақша жымқырды деп айыптаған болатын. «Таяуда тағайындалған вице-министр Анатолий Шкарупаға заң тұрғысынан қатаң айып бар, Саран қаласының бұрынғы әкімі (Қарағанды облысы — авт.). Оның 2015 жылы орталық жылытуы жоқ Саран қаласына есептеу құрылғысын бекітуге бөлінген 215 миллион теңгені жымқыруға қатысы бар», — деген еді Қожамжаров Ақордадағы Қауіпсіздік кеңесі отырысында. Анатолий Шкарупа 2015-2017 жылдары Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі болды. 2017 жылдың мамырынан 2018 жылдың қазанына дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып, 2018 жылы қазанда энергетика вице-министрі болып тағайындалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде