jasqazaq.kz

Теміртауда 32 жастағы әйелді лифтіде аяусыз өлтіріп кеткен

10 қараша 2018, 11:42

8 қараша күні Теміртау қаласындағы көп қабатты үйдің лифтісінен аяусыз өлтірілген 32 жастағы келіншектің денесі табылды.

Жантүршігерлік оқиға Наталья Никитина дүкеннен үйіне келе жатқан уақытта болған.

Келіншектің артынан лифтіге кірген адам оның денесіне 60-тан аса пышақ жарақатын салған.

«Натальяны 60 рет пышақтаған. Мойнын сындырған. Денесінде көгерген іздері де бар», — деді марқұмның құрбысы.
Куәгерлер, Натальяның денесін суретке түсіріп алған.

Ең алдымен күдікке Натальяның жас жігіті іліккен. Полиция ер адамның туыстарына оның қамалмағанын, тек тергеуге қатысты сұрақтарға жауап беріп жатқанын түсіндірді.

«Ағам кешеден бері полиция бөлімшесінде. Оның кеше босатпағанымен, бүгін жіберді. Ол қылмыс болған сәтте досының жанында болған», — деді күдікке ілінген азаматтың інісі.
«Осы іске қатысты стқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қазір тәжірибелі мамандардан құралған топ «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Іс полиция департаментінің қатаң бақылауына алынды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының негізінде басқа ақпарат жарияланбайды», — деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Натальяның құрбылары оны мұндай зұлымдықпен кім өлтіргенін біле алмай, әуреге түскен.

«Наталья өте жарқын мінезді адам болатын. Айналасының бәріне нұрын төгіп, жақсылық жасауға ұмтылып жүретін», — деді марқұмның құрбысы Татьяна.

NUR.KZ

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде