jasqazaq.kz

Өскеменде менингитке шалдыққандар тіркелуде

06 қараша 2018, 12:25

Өскеменде энтеровирусты сірлі (серозный) менингиттің үш жағдайы тіркелді. Елімізде аталмыш жұқпалы дертке қатысты жағдай тұрақсыз болып тұрғандықтан әрі менингиттің эпидемиялық өршу мерзімі келгендіктен мамандар жұқпалы дерттің белгілерін, оның алдын алу шараларын тағы бір еске салады. Бұл туралы altaynews.kz хабарлады.

Өскемен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Михаил Дерябиннің түсіндіруінше, жұқпалы дерттің қоздырушысы – энтеровирус тобына жататын ішек вирустары, сыртқы ортада өзін өте қолайлы сезінумен ерекшеленеді. Суық температураны жақсы көтереді. Тоңазытқышта бірнеше апта бойы сақталуы мүмкін. Су құбырындағы суда 18 тәулікке дейін, өзенде бір айға жуық, азық-түліктерде, тұрмыстық заттарда бір айдан астам уақыт өмір сүреді. Ал мұздатылған жағдайда энтровирустардың белсенділігі бірнеше жылға дейін сақталады екен. +50ºС температурада ғана олар аурушаңдық белгілерін жоя бастайды, ал +70ºС-та толық жойылады.

Жұқпаны таратушылар – вирусты жұқтырғандар, сондай-ақ ешқандай симптомы білінбейтін түрімен ауырғандар. Көбінесе балалар ауырады.

Вирус лас сумен, қолдың кірімен, жуылмаған көкөніс-жемістермен, балалардың ойыншықтары арқылы таралуы мүмкін, егер ауыздарына салатын болса. Түшкіріп-жөтелгенде де ауа арқылы жұғады.

Дерттің жасырын мерзімі 2-10 күнге созылады. Алғашқы белгілері: дене қызуының көтерілуі, ауыс қуысының жарасы, аяқ пен қолдарға бөртпе шығу, ангина, бұлшық еттер мен іштің ауырсынуы, тұмау тию, жөтел.

Асқынып кеткен энреровирусты жұқпа өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен қатар мидың қабынуы да ықтимал.

Энтеровирусты жұқпаны жұқтырудан сақтану үшін:

Жеке бас тазалығын қатаң сақтау, тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін қолды сабындап жуу;

Тек қана қайнатылған не бөтелкедегі суды пайдалану;

Суға рұхсат етілген жерде ғана шомылу және суды жұтпау;

Көкөніс пен жемістерді ағынды сумен жуып,қайнаған сумен шаю;

Рұхсат етілмеген жерлерде азық-түлік сатып алмау;

Адам аяғы қалың көпшілік орындардан, сауықтыру кешендерінен қашық жүру;

Бөлмелердің ауасын желдетіп, күніне екі рет жуып-шаю;

Жұқпалы дерттің белгілері бар балалардың бала бақша мен мектепке баруына жол бермеу керек.

Егер отбасында энтеровирусты жұқпаны жұқтырған науқас пайда болған жағдайда оған жеке ыдыс-аяқ, тұрмыстық заттарды бөліп, басқалардан оқшаулаған дұрыс. Күту үшін бір ғана адам бекітіліп, балалармен қатынасқа түспеуін қадағалау керек. Бөлменің ішін залалсыздандыратын құралдардың көмегімен тазалап, ауасын тазарту қажет.

Жұқпалы дерттің алғашқы белгісі біліне сала дереу дәрігерге көріну керек.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде