jasqazaq.kz

Елбасы ұшу ақысы арзан компания құруды тапсырды

02 қараша 2018, 19:33

Нұрсұлтан Назарбаев «Эйр Астана» компаниясының базасында төмендетілген тариф бойынша көлік қызметін көрсететін бюджеттік әуе компаниясын құруды тапсырды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Бұл туралы ол инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі Ричард Эвансты және «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті Питер Фостерді қабылдауында айтты. Кездесу барысында азаматтық авиацияны дамыту мәселелері, сондай-ақ «Эйр Астана» әуе компаниясының қазіргі ахуалы мен алдағы перспективалары талқыланды. «Эйр Астана» — біздің негізгі әуе тасымалдаушы компаниямыз. Біз оны Ричард Эванспен бірлесе құрдық. Осы жылдар ішінде көп жұмыс атқарылды. Бүгінде компания жақсы қырынан танылып, оң имидж қалыптастырды», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кездесуге қатысушылар Қазақстан Президентіне әлемдік әуе тасымалы нарығындағы соңғы үрдістер жөнінде айтты. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты азаматтық авиацияны басқарудың британдық моделінің элементтерін енгізу мақсатымен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды. Инвестициялар және даму министрінің мәліметіне сәйкес, 2018 жылы Қазақстанда 13 бағыт бойынша әуе рейстері ашылып, Астана қаласында «ашық аспан» пилоттық жобасы іске асырылды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы әуе тасымалы қызметінің халыққа қол жетімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, «Эйр Астана» компаниясының базасында төмендетілген тариф бойынша көлік қызметін көрсететін бюджеттік әуе компаниясын құруды тапсырды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде