jasqazaq.kz

Жәнібектің қарсыласы бұрынғы қазақстандық боксшы

13 тамыз 2016, 12:57

5267ab2f310c5

Қазақстандық бокс мектебінің түлегі, әзербайжан спортшысы Камран Шахсуварлы рингте ширекфиналдық жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлына қарсы шығады.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алжирлық Ильяс Аббадиды жеңіп, ширек фианлға шыққан болатын. Қазақстандық боксшы кез келген қарсыласпен жекпе-жекке әзір екенін атап өтті.

«Мен қазақ бокс мектебінің түлегімін және бүкіл әлемге біздің боксты паш еткім келеді», — деп атап өтті Жәнібек Әлімханұлы.

Камран Шахсуварлы 1990 жылы Қазақстанда дүниеге келген, бокспен Ақтөбеде жастайынан айналысты. 2011 жылы КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Серік Қонақбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнирде жеңімпаз болды. Бокстан Ақтөбе құрамасының сапында ұрыс салды (75 келіге дейінгі салмақта). Қазақстан атынан кәсіби рингте Шахсуварлы бес ұрыс өткізіп, бесеуінде де жеңіске жетті.

2013 жылы Әзербайжан азаматтығын алды. 2014 жылы Камран Шахсуварлы Әзербайжан чемпионы болды және Юградағы (Ресей) мұнайлы елдер кубогында екінші орынға ие болды. Бакуде өткен «Ұлы Жібек жолы» жарыстарында Шахсуварлы Қазақстан боксшысы Сапарбай Айдановты жеңді және турнирдің жеңімпазы атанды. Қазіргі кезде Шахсуварлы Әзербайжан құрамасының құрамында жаттығуда.

2015 жылы Әзербайжан чемпионатында екінші орын алды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде