jasqazaq.kz

Мырзағали Айтжанов: Жәнібек өз күшіне сенімді

13 тамыз 2016, 4:03

20160813033543

Олимпиада медальдары үшін күресті жеті қазақстандық боксшы жалғастыруда.

Бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов Жәнібек Әлімханұлының жеңісті ұрысына түсіндірме берді, деп хабарлады «Хабар».

«Жәнібек ұрысты өте сауатты жүргізді, нұсқауларды толық орындады. Рингте өзін жақсы ұстады. Оның үстіне бұл топта барлығы да мықтылар, мұнда әлсіздер жоқ. Аббади да сондай, Африканың үздік боксшысы. Сондықтан да әрбір ұрысқа тыңғылықты дайындалудамыз», — деді қазақстандық боксшылардың тәлімгері.

Жәнібектің өзі бұдан бұрын айтып өткендей, ол кез келген қарсыласпен сайысқа түсуге дайын және өз күшіне сенімді.

Еске сала кетейік, 75 келіге дейін салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы бокстан олимпиадалық турнирдің ширек финалына өтті. Оның келесі қарсыласы Камран Шахсуварли (Әзербайжан) — Артем Чеботарев (Ресей) ұрысының жеңімпазы болмақ (жекпе-жек Астана уақытымен 3:30-да басталады).

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде