jasqazaq.kz

Бойжеткен зейнеткерлерді тонап кеткен

18 қазан 2018, 17:22

27 жастағы алматылық бойжеткен өзін «коммуналдық мекеме қызметкермін» деп таныстырып, зейнеткерлерді тонаумен айналысқан.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Талдықорған қаласы полициясына 82 және 78 жастағы кейуаналар хабарласқан. Оларды үйіне келген коммуналдық қызметкер тонап кеткен. «Алдын ала тексеру бойынша алаяқ әйел коммуналды қызмет өкілі ретінде танысып, қариялардың сеніміне әбден кіріп алған. Қыз тұрғындардың үйлеріне су, электр энергиясы, жылуды есептегіш құралдарды тексеруге келетін болған. Сосын мардымсыз заңбұзушылықтары үшін оларға айыппұл салып отырған. Тіпті, қариялардың назарын басқа жаққа аударып, қомақты ақшасын жымқырып отырған. Ол пәтер иелеренің 100 мың теңгеге жуық қаржысын алып кеткен. Кейін белгілі болғандай, ұрланған қаржы қариялардың зейнетақысынан там-тұмдап жинаған ақшасы екен»,- деді баспасөз қызметінен.

ҚазАқпараттың мәліметі бойынша полиция қызметкерлері алаяқтық пен ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғады. Осы оқиғаға байланысты 27 жастағы алматылық бойжеткен ұсталды. «ҚР ҚК-нің 188-бабы мен 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Ұсталған азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр», — делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде