jasqazaq.kz

Ақпарат министрлігі жанынан „Шағымдану„ бөлімі ашылды

13 тамыз 2016, 3:52

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанынан „Шағымдану„ бөлімі ашылды. Ол жерге кез келген азамат Интернетте Қазақстан заңнамасына қайшы келетін ақпараттың жарияланғаны туралы хабарламасын қалдыра алады.

Бұл туралы Ақпарат министрі Дәурен Абаев Facebooк-тегі жеке парақшасында жазды.

Министр бұл арадағы мәселе, негізінен, әлеуметтік желілердегі суицидті, есірткіні насихаттаған, терроризм мен экстремизмге, қатыгездік пен ұлтаралық жанжалға үндеген топтарға және сайттарға қатысты екенін баса айтады.

„Аталған бөлімде қолданушы заң бұзушылық категориясын таңдап, материалдың сілтемесін енгізіп, шағымын уәкілетті органға жолдай алады. Біз тіркелу формасының қолданушы үшін барынша ыңғайлы, қарапайым болуын қамтамасыз етуге тырыстық.

Министрлік әрбір шағым бойынша жедел әрекет етіп, жарияланған материалдарға құқықтық баға береді. Егер заңбұзушылық нақтыланса, олар еліміздің аумағында бұғатталады„ деп жазады министр.

Сонымен қатар, Дәурен Абаев өз жазбасында журналистер тарапынан қандай да бір ресурстың не себепті бұғатталғаны туралы жиі сұрақ түсетінін айтып, оған жауап берген.

„Осы орайда біз мұндай ақпарат қоғам үшін ашық болуы керек деп санаймыз. Сондықтан алдағы уақытта ресурстардың жабылуының себебін көрсете отырып, бұғатталған сілтемелер базасын құруды жоспарлап отырмыз„ делінеді жазбада.

Егер өзіңізге немесе жақындарыңызға қауіп төндіретін контентті көрсеңіз, сілтемесін мына адреске жолдауыңызға болады: http://mic.gov.kz/kk/complain.

365info

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде