jasqazaq.kz

Ресейдегі жарылыс кезінде түсірілген видео пайда болды

18 қазан 2018, 11:33

Ресейдің Керчь қаласындағы политехникалық колледжге жасалған шабуылдың видеосы пайда болды.

Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Видео кадрларынан жарылыстан кейін маңайды түтін басқаны байқалады. Арғы жағында атылған оқ дыбыстары естілуде.

Еске сала кетсек, 17 қазанда Керчь қаласындағы колледжде жарылыстар болып, атыс орын алды. Оқиға салдарынан 19 адам көз жұмып, 40-қа жуығы зардап шеккен. Олардың дені – жасөспірімдер.

Артынша анықталғандай, қайтыс болғандардың көбі оқ жарақатынан көз жұмған. Куәгерлердің сөзінше, ғимаратта жарылыс болып, артынша сыртқа жүгіріп шыққан адамдарға оқ жаудырылған.

Күдікті деп болжанып отырған 18 жастағы Владислав Росляков өзіне қол жұмсады.

Қырым басшысы Сергей Аксеновтің сөзінше, оқытушылары Росляковты қарапайым студент деп білген: ызақор болмаған, шәкіртақы алған және бұған дейін заңға қатысты қиындықтары болмаған екен.

Севастопольде қайғылы оқиғадан кейін 3 күндік қаралы күн жарияланды.

https://youtu.be/QncB4_xcVUc

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде