jasqazaq.kz

Рудныйда бойжеткен ер адамды өлтірді

17 қазан 2018, 14:19

Рудныйда таныстардың көңілді отырысы қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға биылғы тамызда болған. Рудный тұрғыны кешке көшеде таныс екі бойжеткенді кездестіріп, оларды үйіне қонаққа шақырған. «Сағат түнгі 01:00 шамасында ер адам мен бойжеткендердің бірі дәлізге шығып, ұрыса бастаған. Ұрыс кезінде бойжеткен ас ішетін бөлмеге кіріп, үстел үстінде жатқан пышақты алып, қайта дәлізге шыққан. Онда тұрған жігіттің кеуде тұсына үш рет пышақ сұққан. Ер адам алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды», — деп хабарлады облыстық соттағылар. Оқиғадан кейін екі бойжеткен жәбірленушінің үйін тонап үлгерген. Біреуі үйден газ плитасын шығарса, екіншісі өлген жігіттің қалтасындағы ақшасын ала кеткен. Енді олар жасаған қылмыстары үшін сот алдында жауап береді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде