jasqazaq.kz

Бензин бағасы тағы қымбаттай ма?

17 қазан 2018, 12:09

Көршілес Ресейдегі жанармай нарығындағы жағдай салдарынан Қазақстанда бензин бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін. Жаңа жылдан бастап ресейлік жанармай нарығында акциздерді бір жарым есеге көтермек. Өз кезегінде ол біздегі нарыққа да ықпал ететіні белгілі.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ресей 2019 жылдың басында бензин мен дизель салығын бір жарым есе көтермек. Жегрілікті сарапшылар бұл жанармай бағасының қымбаттауына алып келеді деп күтуде.

Бүгінде Ресейде 1 литр бензиннің бағасы 44 рубль немесе 250 теңгені құрайды. Қазақстанда бензин арзанырақ, литрінің бағасы шамамен 100 теңге тұрады. Егер келесі жылдың басынан көршілес мемлекетте бензин бағасы қымбаттаса, сонымен қатар таяуда Қазақстанның жанармайды сыртқа шығару туралы келісімге қол қойғанын ескерсек, нәтижесінде Ресейге жанармай көптеп тасымалданып, біздің елде бензин тапшылығы болуы мүмкін.

«Ал бізде тапшылық бір жолмен шешіледі. Яғни, тапшылық тудырған тауардың бағасы қымбаттайды. Әсіресе, бұл жанармайға қатысты болғанда. Десе де қаншалықты қымбаттайтынын айту қиын», – дейді мұнай-газ нарығының сарапшысы Сергей Смирнов.

Десе де кеше Энергетика министрлігіндегілер жанармай нарығындағы ахуал тұрақты және әзірге жанармай тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді. Қоймадағы жанармай қоры кемінде 17 күнге жететін көрінеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде