
UFC президенті Дана Уайт ұйымның жеңіл салмқатағы чемпионы Хабиб Нурмагомедов промоушнда қалатынын мәлімдеді.
Мұның алдында Нурмагомедов МакГрегорды жеңгеннен кейінгі даудан соң UFC ұйымынан кететінін айтқан. – Бәрі дұрыс. Хабибпен қарым-қатынасымыз жақсы. Келесі қарсылас кім болатынын білмеймін, бұл туралы әлі сөйлесеміз. Жігітке жеңісін тойлауға мұрша берңіздер, бұл мәселені кейін шешеміз. Хабиб UFC ұйымында қалады. Тухуговпен не болады? Әзірге білмеймін, – деп келтіреді Уайттың сөзін TMZ.