
Астанадағы «Аланда» қонақүйінен ҰҚК қызметкерінің өлі денесі табылды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған.
NewTimes.kz жазғандай, «Астана қалалық ІІМ тергеу бөлімінің мәліметінше, Тәуелсіздік даңғылы 33-те орналасқан «Аланда» қонақүйінің 615-бөлмесінде таңғы сағат 9:35-те денесі скочпен оралып, кісен салынған ҰҚК-нің қызметкері өлі табылды. Марқұм түнгі сағат 02:30-де жұбайына қоңырау шалып, маңызды кездесуде болатынын, отбасын қатты жақсы көретінін айтқан», — делінген хабарламада.
Астана қалалық ІІД қандай да ақпарат беруден бас тартты. Ресми хат жолдауды сұрады. Ал қонақүй қызметкерлері «бұл сұраққа тек басшылық жауап бере алады» деп қысқа қайырды.