jasqazaq.kz

Түркістан облысында алғашқы қар жауды

15 қазан 2018, 22:00

Түркістан облысында қар жауды. Алғашқы қар облыстың солтүстіктегі Созақ пен таулы Түлкібас, Төлеби аудандарына түскен.

«Созақ ауданында кеше жаңбыр жауып, соңы қарға ұласқан. Қар Ащысай ауылы мен тауға түскен. Қазір қардың биіктігі 2 см жетті. Мұнда күндіз ауа температурасы +2 градус, түнде -5 градус болды», — деді «Қазгидромет» АҚ облыстық филиалының мамандары. Өңірдің таулы аудандарында да қыс басталып кетті. Атап айтқанда Төлеби мен Түлкібас аудандарына да бүгін қар түсіп отыр. Сондай-ақ , Шымкентте де күн күрт суытты. Қатты жел тұрып, секундына 20 метрге дейін жеткен. Бірқатар үйлердің шатырын ұшырып, ағаштарды құлатқан. Ауа райы күндіз 8-10 градус жылылықты көрсетіп, түнде 1-3 градусқа дейін суық болуда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде