jasqazaq.kz

«Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті

15 қазан 2018, 16:01

«Қайрат» ФК бас бапкері Карлос Алос орнынан босатылды.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Ұлттық Паралимпиада ойындары комитетінің төрағасы Қайрат Боранбаев айтты. «Карлос — өз ісінің маманы. Ол «Қайрат» клубындағы аса білікті мамандардың бірі. Сол үшін де ол клубта 1,5 жыл жұмыс жасады. Мүмкін тілдік жағынан кедергілер болған шығар. Бірақ, ол мықты бапкер. Оның жұмысына көңіліміз толады. Алайда, оны біз бапкер қызметінен шығарамыз. Себебі ол биыл клуб алдына қойылған басты мақсат — Қазақстан чемпионаты мен Европа лигасына шығу туралы міндетті орындамады. Бұған айыпты кім екенін тап басып айту қиын. Біздің ойымызша, барлығының айыбы бар», — деді Қайрат Боранбаев.

Клуб ұжымы басшылық тізгінін қазақстандық спортшы Андрей Карповичке сеніп тапсыруды ұйғарды. «Карпович — білікті футболшы, бапкерлік қабілетіне келсек, оның команданы алға ұмтылдыруда қойып отырған мақсаты зор. Оның алдына маусым соңына дейін Қазақстан кубогын ұту міндеті қойылды. Бапкерлік штабқа «Қайрат А» мен «Қайрат М» бапкерлері кірді. Бас бапкерге қатысты келер жылға біздің жоспарымыз мынандай: Біз Лейпциг университетімен 8 модуль өткіздік. Бұл оқуды меңгеріп шыққан жасөпірім мен ересек командалар арасында PRO лицензиясы беріледі. Келер жылы бізде Германиядан келген маман неміс футбол философиясына негізделген жаттығу процесін өткізеді. Бапкер жұмысын жаңа маусымнан бастайды», — деді Қайрат Боранбаев.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде