jasqazaq.kz

Елбасы Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты

29 қыркүйек 2018, 11:02

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Шымкентке сапары мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысудан басталды. Бүгін зауытта RFCC кешені іске қосылды. Бұл зауыт айналымын ұлғайтып, К-4 және К-5 класты сапалы бензин мен дизель өндіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ПКОП» ЖШС жобасының қуаты — жылына 6 млн тонна мұнай өңдеуге жетеді. Инвестиция көлемі — 580 млрд. теңгені құрайды. Айта кетейік, 2011 жылы зауытқа Жаңа индустрияландыру бағдарламасы аясында жаңғырту жұмыстары жүргізілген болатын. Мұнай өңдеу зауытындағы жаңғырту және қайта құру жобасы екі кезеңде жүзеге асты. Бірінші кезеңде компания Кеден одағында қабылданған, К4 және К5 экологиялық класының (Еуро-4 және Еуро-5 баламасы) бензин және дизель отынының өндірісін құрды. Осының арқасында зауыттан жоғары сапалы өнім шығарыла бастады. Жылына 2 млн тонна шикізат өндіретін RFCC каталитикалық крекинг қондырғысын орнату жоспарланып, UOP американдық компания технологиясымен жасалды. Тікелей айдалатын мазутты қабылдағанға дейін энергия ресурстарын — отын газы, электр энергиясы, салқындатқыш суды, БӨП ауасын, азот және су буындарын тұрақты қабылдау қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, энергетикалық жабдықтар, дала аспаптары, технологиялық процесті басқарудың және апатқа қарсы қорғанудың бөлінген жүйесі, мазут циркуляциясы қосылған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде