jasqazaq.kz

14 жастағы жүкті қыз өзіне қол салмақ болған

13 тамыз 2018, 17:57


Бүгін Ақтөбе облыстық білім басқармасының мамандары әлеуметтік жоба жұмысын қорытындылады. Ақтөбеде 483 жасөспірім маман көмегіне жүгініп, сенім телефондарына қоңырау шалған.
NUR.KZ. жазғандай, олардың дені ата-анасы мен достарынан қорлық көретінін айтып шағымданған.
«Бізге 14 жасында ерте жүкті болған бала хабарласты. Ол ата-анасынан да қолдау көрмеген. Күйзеліске түскен жасөспірім одан шығудың жолын білмейді. Оқушы қыз суицидтің алдында болды. Сенім телефонының мамандары ол баламен бірнеше күн қатарынан сөйлесіп, ата-анасымен арадағы қатынасының дұрысталуына септігін тигізді. Баланың дәрігерге қаралуына да көмектестік»,-деді Білім басқармасының бөлім басшысы Нұргүл Бертілеуова.
Сенім телефонына хабарласып, әкесінің ішімдікке салынғанын айтатындар да көп.
«Әкесі ішіп келгенін көрген бала қорқып кеткен. Ол бізге шкафтың ішінде отырып телефон шалды. Біз ар жағындағы дыбыстарды естіп тұрғандықтан балаға қорқыныштың жоқ екенін түсіндірдік», — дейді маман
Әлеуметтік орталық биылғы жұмысын бір ай бұрын ғана бастаған. Мамандар жұмыстың жыл ортасынан басталуын мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің кеш жасалғанымен түсіндірді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде