jasqazaq.kz

Елбасы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровты қабылдады

09 тамыз 2018, 16:29

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздегі құқық қорғау органдарының қызметі және бұған дейін жүктелген тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берілді, –  деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы прокуратура органдарына азаматтар құқықтарының, заңды мүдделерінің сақталуы және заңнамалардың орындалуы үшін жоғары қадағалауды жүзеге асыру міндеті қойылғанын айтты. – Бүгінде еліміздегі заңдылықты қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрі іске асырылды. Атап айтқанда, құқық қорғау органдары мен сот жүйесі реформаланды, тиісті заңдар қабылданды, соның ішінде бизнесті негізсіз тексерістерден қорғау туралы мәселе де қамтылды. Соларды тек сапалы орындау қажет, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жөніндегі жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстандағы сотталғандар саны 35 пайызға азайғанын айтты. Бас прокурор Мемлекет басшысына қылмыстық процесті реформалау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімдеп, осы іс-қимылдардың нәтижесінде еліміздегі жалпы қылмыстық істер өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға кемігенін атап өтті. – Прокуратура органдары тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін жүйелі шаралар қабылдануда. Биылғы алты айдың ішінде еңбек құқықтарының сақталуы, жер қатынастары, тарифтік заңнама салаларына тексеру жүргізілді, нәтижесінде үш миллионнан аса азаматтың құқықтары қорғалып, қайта қалпына келтірілді, – деді Қайрат Қожамжаров. Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

egemen.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде