jasqazaq.kz

Kiki Challenge флешмобына қатысушылар жауапкершілікке тартылуы мүмкін

08 тамыз 2018, 15:48


Ақмола облысының полицейлері танымал Kiki Challenge флешмобында жол қозғалысы ережесінің бұзылатынын ескертеді.
Ведомствоның мəліметінше, соңғы кездері елімізде Kiki Challenge флешмобы белең алды. Оған қатысушылар жүріп келе жатқан автокөлік салонынан секіріп түсіп, əр түрлі трекке билей жөнеледі. Ақмола облысының ІІД ЖПҚ қызметкерлері жүргізген уақтылы түсіндіру жұмыстарының нəтижесінде өңірде мұндай қауіпті флешмоб өткізілген жоқ. Дегенмен, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полицейлер мұндай флешмобты жол қозғалысы ережесін бұзу деп санайды. «Бұлай көңіл көтеру жол қозғалысы ережесін бұзу ретінде қарастырылады. Жол қозғалысы ережесінің 2.1.4 пунктіне сәйкес, жүргізуші көлігінің өздігінен қозғалып кетпейтініне толық көз жеткізіп алмай, көлiгінен түсіп, кетіп қалуына болмайды. Оған қоса, жол қозғалысы ережесінің 19.5 пунктіне сәйкес, жүргізуші көлiк құралы толықтай тоқтағаннан кейiн ғана жолаушыларды отырғызуға және түсiруге, қозғалысты көліктің есігі толық жабылған кезде ғана жүзеге асыруға мiндеттi. Жүріп келе жатқан көліктен секіріп шығу арқылы тəртіп бұзушылар жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндіреді» деп түсіндірді Ақмола облысының ІІД ЖПҚ бөлім басшысы, полиция подполковнигі Қуанышбек Əбенов.

Қазақпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде