jasqazaq.kz

Қасымов Теннің өліміне күдікті бойжеткен жайында жаңа мәліметтер айтты

08 тамыз 2018, 0:05

Бүгін Ішкі Істер Министрі Қалмұханбет Қасымов марқұм Денис Теннің өліміне қатысы бар деп айыпталған үшінші күдікті Жанар Толыбаева жайында мәлімдеме жасады. Қанды қылмыс кезінде еңбек демалысында болған еліміздің бас полицейі қашып жүрген бойжеткенді құқық қорғау органдарының әрең ұстағанын жеткізді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қалмұханбет ҚАСЫМОВ ҚР Ішкі Істер министрі:

-Бойжеткен тергеу кезінде бізге ештеңе айтпай қойды. Жалпы, осы үшінші күдіктіні ұстау оңай болмады. Ол қылмыс болған түні сайда жасырынған. Кейін сағат сайын мекен-жайын ауыстырды.

Ақсай ықшамауадында арнайы операция жүргізіліп, 18:40-та үшінші күдікті қамауға алынды. Күдіктілер өзге өңірден келген.

Министр Қалмұханбет Қасымов күдікті Толыбаева Жамбыл облысынан Алматыға даяшы болып жұмыс істеуге келгенін айтады. Ол қазір қамауда отырған Қиясов және Құдайбергеновпен қоян-қолтық араласқан. Тіпті, мәнерлеп сырғанаушыны Денис Тенді өлтіргендерінен де хабардар болған екен. Ресей Ішкі істер министрі Владимир Колокольцевпен Алматыда кездесуі барысында Қасымовқа журналистер Денис Тенге қатысты сұрақтарын қарша боратты. Сондай-ақ, министр Алматы Ішкі істер департаментінің басшысын орнынан алып тастауға ешқандай негіз жоқ екенін айтты. Жалпы, елімізде қылмыстың 20 пайызы осы алып шаһарда тіркеледі. Ал көлік айналарын ұрлап сататын бұзақылар, әсіресе, Алматы қаласында өте көп. Автобөлшек ұрлау дерегінің 90 пайызы осы қалада тіркелді. Қасымов соңғы жылдары көлік бөлшектерімен қатар ұялы телефон ұрлау да белең алды дейді. Жарты жылдың ішінде төрт мыңнан астам телефон ұрлаған адам ұсталған. Қалмұханбет Қасымов Олимпиада жүлдегері, марқұм Денис Тен өлімінен кейін алғаш рет журналистер сұрағына жауап берді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде