jasqazaq.kz

8 жасар бала абайсызда әпкесін мылтықпен атып жіберді

07 тамыз 2018, 15:59

Түркістан облысы, Созақ ауданына қарасты Сызған ауылында сегіз жасар бала туған əпкесін абайсызда мылтықпен атып, өлтіріп қойды деп жазады NUR.KZ.

Ауылда тұратын әжесінің үйіне жазғы демалысқа барған апалы-інілі бөлмеде кілемде ілулі тұрған мылтықты алып, ойнамақ болған.

Мылтық оқталып тұрғанынан бейхабар балалар ересектердің көзінен таса жерге, яғни бау-бақша жаққа атыс қаруын апарып, байқаусызда сегіз жасар ұл бала 10 жастағы əпкесін атып жіберген.

Жараланған қыз бала ауруханаға жетпей жолда көз жұмды.

Айта кетерлігі, балақайдың өліміне себеп болған қару еш жерде тіркелмеген, заңсыз сақталған мылтық боп шыққан.

«Оқыс оқиға Созақ ауданында болды. Каникулда жүрген балалар Сызған ауылына әжесінің үйіне барған. Қанды оқиғаға сеп болған қару заңсыз сақталғандығы анықталды», — дейді Түркістан облыстық ІІД əкімшілік полиция басқармасының азаматтық жəне қызметтік қару айналымын бақылау инспекторы Асхат Шарафутдинов.

Осындай қайғылы жағдайларды болдырмас үшін Түркістан облыстық ІІД заңсыз қаруды ерікті түрде өткізуге мүмкіндік беретін түрлі акциялар мен арнайы операциялар ұйымдастыруда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде