jasqazaq.kz

Батыста Шымкенттегідей «әкесінің құнын» сұрамаса да, арзанға қыз бермейтіні рас

07 тамыз 2018, 13:16

Атыраулық бойжеткенді жар еткен астаналық жігіт батыстағы той ерекшеліктерін көріп, таң қалғанын жасырмады. Айтуынша, батыстағы тойлар уақытынан тым кеш басталып, күйеу жігіт келіндерше қайын жұртына қызмет етеді екен.

 NUR.KZ  хабарлағандай, астаналық Ернұр есімді ер-азамат (авт. аты-жөні өзгертілді) атыраулық аруды өзіне өмірлік жар етіп, күні кеше ғана шаңырақ көтергенін айтты. Батыс өңірінің тойға қатысты салт-дәстүрлерін жиі естіген ол, көзбен көргенде тіптен таң қалдым дейді. «Бұрындарды батыс жақтағы той дәстүрлері басқаша екенін жиі еститінмін. Бірақ көзбен көргенде тіптен таң қалдым. Қалың мал, киіт деген сынды дәстүрлер ол жақта да бар екен. Шымкенттегідей «әкесінің құнын» сұрамаса да, арзанға қыз бермейтіндері рас енді.
Сосын, қызды алып кеткенде, жалғыз жібермейді екен. Онымен бірге Астанаға бірнеше жеңгесі келді. Оларды бос қайтармай, шамамыз келгенше, сәлем-сауқытын бердік. Ал тойдың жыры тіптен бөлек әңгіме. Бізде тойға 1-2 сағат ғана кешіксе, ол жақта 3-4 сағатқа тойға кешігу қалыпты жағдай. Қазақстанның басқа өңірлерінен ерекшеленетін тағы бір дәстүр – қалыңдық ұзату тойында да, өз тойында да бір ғана ақ көйлекті киеді. Қызық, бірақ дәстүрлері солай болған соң, еріксіз көндік», — дейді жігіт.
Сонымен бірге ол батыста күйеу баланың келіндерше қызмет ететінін айтып қалды.
«Күйеу бала деген келіннен артық қызмет етеді десем артық айтқаным емес. Әрине, онда тұрған ештеңе жоқ, бірақ басқа жақтарда ондайды көрмеппін. Ол жақта үйге қонақ келгеннің өзінде ер адамдар бөлек, әйелдер бөлек дастарханда отырады. Дәл сол ерлерге қолымнан келгенше қызмет еттім. Табақ тасып, ет турап дегендей. Жалпы, қайын жұртыма еш ренішім жоқ, тек осылай күйеу баланы жүгіртіп қоятындары қызық екен», — деп әңгімесін аяқтады ер-азамат.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде